Асыл дініміз Исламда жетімдер жөнінде көптеген аяттар мен хадистер келтірілген. Ардақты Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жетімдерді бағып, панасына алып, мейірім көрсеткен жан менімен жәннәтта былай көрші болады деп ортаңғы және сұқ саусағын көрсеткен. Сол сияқты қазақ халқы жесір мен жетімге пана болып, жәрдемдесуді парыз санайды.
Өткен аптаның жұмасында Шу ауданы «Төле би» мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлының шақыртуымен «Жәми» мешітінің найб имамы Мадияр Әбиқұл келіп, «жетім көрсең жебей жүр» тақырыбында уағыз айтты. Тақырыпты тарқатып, тереңінен толғанды.
Жұмаға жиылған жамағат уағызды ұйып тыңдап, мәселенің салмағын сезінгендей болды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі