Тараз қаласы «Әл-Фердаус» мешітінде айлық дастархан жайылды. Жиынға арнайы қонақ ретінде Тараз қаласының бас имамы Дәуренбеков Орынбасар Орымбайұлы шақырылды. Бас имам келген көпшілікке «Жетім көрсең жебей жүр» тақырыбында көңіл тербетер насихат жүргізді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) өз хадисінде: «Жетімді өз қолына алған адам, мына екеуі сияқы жәннатта жақын (аға-іні) боламыз», -деп нұсқаушы және орта саусақтарын көрсетті», - деп бұйырады.
Жамағатқа дастархан жайған аталмыш мешіт имамы Кенжемолдаев Алмас жиылған қауымға алғысын білдірді. Келген жамағат дастархан басында көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, ас батасы берілді.
Тараз қалалық орталық «Әулие ата»
мешітінің баспасөз қызметі