Дамыған немесе даму үстіндегі тыныш жатқан бір елді тоқырауға жіберудің бір әдісі діни ағымдар арқылы қоғам ішінде іріткі тудыру. Сондықтан да сыртқы күш түрлі діни ағымдардың ықпалымен қоғамға бүлік салып, отбасын ойрандатып, экстремистік, террорлық іс-әрекет жасап, мемлекеттің қауіпсіздігіне зиян тигізуге барын салады. Қазіргі таңда, дінді жік-жікке бөліп, діннің қадірін кетіру саясат құралына айналды.
Қарапайым халықты ылаң салушы, жат дін ағымның өкілдеріне қарсы діни сауаттандырудан кейінгі мәселе жат діни идеологияларына қарсы ЖОО-да, мектептерде, мемлекеттік мекемелерде лекция, семинар, кездесулермен қатар насихат жұмыстарын жүргізу керек.
Осы орайда, Меркі ауданы АТТ мүшесі Дулат Талғатұлы, Андас батыр ауылы «Андас батыр» мештінің жамағатына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиында сөз сөйлеген Дулат Талғатұлы: «Бұл ретте, халықтың діни сауатын арттыру негізгі мәселе. Қазіргі қоғамның діни сауаттылығы өте төмен десек артық болмас. Діни білімнің жетілуі дегеніміз біздің ауызбіршілікті күшейту деген сөз. Дін бірлікке шақырады. Діні күшті халықтың ынтымағы да мықты болады, жүз-жүзге, жік-жікке бөлінбейді. Бізге зайырлы да, зиялы діни кадрлар, дінтанушы ғалымдар қажет. Және де, жастарды ескертіп отыратын мәселе діни білім алып, діни сауатын арттыру барысында әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарын пайдалану барысында дұрыс ақпарат көздерін іріктей білу қажет, қандайда бір сұрақ туындаса мүфтият сайттарынан қарап, немесе жергілікті имам-молдалардан сұрау керек» - деп атап өтті.
Жиын соңында, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі