#Шу: Ризабек Батталұлы Шу өңірінде болды

#Шу: Ризабек Батталұлы Шу өңірінде болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Ақырет күніне иман келтіріп, ізгі амал істеу-иманның шарттарынан. Өйткені қиямет тіршілігімізде атқарған амалдар таразыға тартылып, күнә мен сауап салыстырылатын сәт. Сол күні жүзіміз күймес үшін сынақ үшін берілген өмірде Алланың әміріне бағынып, тыйғанынан тыйылып, сауапты істерді мейлінше көп істеуге ұмтылған   жөн.  Бұл туралы қасиетті Құран мен ардақты Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде көп мәрте ескертілген.

  Өткен аптаның соңында Шу ауданы «Тоғай» мешітінде  PhD доктор, исламтанушы, оқытушы Ризабек Батталұлы келіп, жамағатпен жүздесті. Шу ауданының  бас имамы Бахтияр Әміреев әуелі сөз алып, қонақты таныстырып, оған алғыс білдіріп, микрофон ұсынды.

 Бұл басқосуға бүкіл аудан мешіттерінен жамағат келіп, белгілі ұстаздың дәрісін тыңдады. Ризабек ұстаздың «Ақырет өткелдері»  туралы танымға толы уағызы 1,5 сағатқа созылып, көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарға жауап берілді.

    Сонымен  қатар аталған уағыз аудандық мешіттің әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей эфирде жүріп, онлайын көрермендерге де ұсынылды.

         Шу аудандық «Жәми» мешітінің  баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: