#Шу: Айлық дастархан жайылды

#Шу: Айлық дастархан жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Ас - адамның арқауы. Сонымен бірге дастхан ағайынның ынтымағын арттырып, жамағаттың бауырмашылдығын берік етеді.Сондықтан болар халқымызда: «Аллаға жағамын десең азанды бол, ағайынға жағамын десең қазанды  бол», - деген мақал бар.  Әрбір сөзін саралап, салмақтап кеткен бабаларда бұдан бөлек те көптеген көркем нақылдар жетіп артылады.

   Жуырда Шу ауданы «Төле би»  мешіті бас имамы Талғат Сейткереевтің ұйымдастыруымен жамағатқа айлық дастархан жайылып, оған Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амантайұлы қатысты.  Сүннетке сай отырыста, Алла тағаланы еске алып, ауданның бас имамы бауырмалдықты артыру тақырыбында уағыз айтып, жамағатты бауырмал болуға шақырды.

  Адамзаттың бәрін бауырым деп сүюге үндеген Абай атамыздың ақылы әрбірімізді көкірегімізге қонып, баршамызға бауырмашылдық берік үлгісін нәсіп етсін.

         Шу аудандық «Жәми»   мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: