#ТАРАЗ: Мерейтойға орай волейбол жарысы болып өтті

#ТАРАЗ: Мерейтойға орай волейбол жарысы болып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толу мерейтойына орай Тараз қаласында мешіт аралық волейбол жарысы болып өтті. Тараз қаласының бас имамы Дауренбеков Орынбасар Орымбайұлының ұйымдастыруымен атқарылған сайыста жүлделі сыйлықтар тігілді.

Жамбыл облысының бас имамы Мырзагелдиев Бейбіт Әліпбекұлы сайыста сөз бастап, жарыскерлерге сәттілік тіледі. Жарысқа жалпы 10 команда қатысты. Соның ішінде Алматы қаласы «Бекет ата» мешітінен 4 команда, Тараз қаласынан «Әулие ата» командасы, Жамбыл облысы, Байзақ ауданынан 2 команда, Гродиков ауылынан 2 команда сайысқа түсті.

Тартысты ойында бірінші орын жүлдегері аталып, 100 000 теңге қаржылай сыйлық алған «Байзақ» командасы көзге көрінді. Екінші орынды қаржылай 75 000 теңге сыйлық алған «Бекет ата» командасы иеленген болса, 50 000 теңге қаржылай сыйақы алған «Алға» командасы үшінші орын жүлдегері атанды. Төртінші орында жақсы ойын көрсеткен «Ихсан» командасы сый ретінде теледидар ұтып алды.

Байзақ ауылы имамы Абиров Рахымбек Кенжебайұлы «Тілеш қажы» мешітінде келген қонақтарға ас беріп, жылы лебізбен қарсы алды. Жиын соңы тәуелсіздік құрбандары рухына Құран оқылып, бағышталды.

Егизбаев Алмуханбет

Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: