Терроризм мен діни экстремизмнің соңғы кезде әлем бойынша белең алып бара жатқаны айдан анық. Діни жат ағымға жастарымыз бой алдырып жатқаны әрине өкінішті. Осының алдын алу бүгінгі күннің басты талабы.
Міне, осы орайда, Меркі ауданы АТТ мүшесі Дулат Талғатұлы, Андас батыр ауылы әкімшілік ғимаратында, ауыл тұрғындарымен іс-шара өткізді. Жиынның мақсаты, дәстүрлі емес діни ағымдар туралы мәлімет беру, тұрғындарды, соның ішінде жастарды жат ағымдардан сақтандыра отырып, дәстүрлі діни бағыттың жолдарын ұстануға дұрыс бағдар беру болды.
Аталған шарада, дін маманы Дулат Талғатұлы – қазіргі таңда діни ахуал қоғамдағы түйінді мәселелердің біріне айналғандығын айтып, дәстүрлі емес теріс діни ағымдардың шығу тарихы мен ерекшеліктері туралы жеткізді. Сонымен қатар қазіргі кездегі елімізде жастарды адастырып жүрген уахабизм мен салафизмнің тармақтары және пайдаланатын әдіс тәсілдерін ашып көрсетіп, қатысушылар тарапынан қойылған түрлі сауалдарға тұшымды жауаптар берілді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі