Ғасырлар бойы асыл дініміз Исламды өміріне азық етіп келе жатқан халқымызға «насихат» сөзі және оның мағынасы да етене таныс. Жасында байқары,қартайғанда айтары бар адамның ақылы, Алла дінін таратып, үкімдерге амал етуге шақырып жүрген жанның уағызы да насихатқа жатады.
Ардақты Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір күні сахабалармен бас қосып отырғанда үш мәрте «Дін-насихат» деп айтқан болатын. Сонда саңлақ серіктері дереу: «Уа Алланың елшісі, дін кімге қатысты насихат?» деп сұрайды. Сонда Алла тағаланың абзал пендесі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аллаға ,Оның кітабына,елшісіне, мұсылмандардың басшыларына және барша мұсылмандарға қатысты»-деген жауап қайырады.
Жуырда Шу ауданының орталығындағы «Төле би» мешітінде Шу ауданы «Амангелді» мешітінің имамы Әбубәкір Абдрайымов жергілікті жамағатпен жүздесіп, «Дін-насихат» тақырыбында уағыз айтқан болатын. Кезекті уағызға келе алмаған және жырақтағылар үшін әлеуметтік желіде тікелей эфир ұйымдастырылып, талқыланған тақырып тарқатылды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі