#Шу: Аудан бас имамы аудан орталығында болды

#Шу: Аудан бас имамы аудан орталығында болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ақ пен қараны айырып, жақсылық пен жамандықты түйсіну үшін Алла Тағала елші жіберіп, оған өзінің қасиетті Құранын түсірген. Осы құрметті ктіапта не нәрсе зиян  шектіретін, не нәрсе пайда әкелетінін тайға таңба басқандай етіп анық жазылған. Сүннетте де солай көрсетілген.

Апта ортасында Шу ауданының бас имамы Бахтияр Әміреев ауданның бұрынғы бас құтханасы болған «Төле би» мешітінде болып, жамағатпен кездесу өткізген  тұғын. Кездесу барысында Бахтияр Амантайұлы зиянды нәрселердің алдын-алу тақырыбында офлайн және онлайн дәріс жүргізді.

Жарты сағатқа жуық жүргізілген дәрісте жамағат өздеріне рухани  азық алып, толғандырған сұрақтардың жауаптарын білді. Бекітілген кестеге сәйкес мұндай дәрістер алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: