Жат ағымдардың алдын алу, діни иммунитет қалыптастыру мақсатында Меркі ауданы АТТ мүшесі Дулат Талғатұлы Тәтті ауылдық №13 мектеп оқушыларына "Дін, қоғам және жастар" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиында сөз бастаған Дулат Талғатұлы: "Деструктивті ағым мүшелеріне жаңадан қосылған жандардың оңашада ой қортуына мүмкіндік бермеу үшін, ұйымның өзге мүшелері оны ешқашан жалғыз қалдырмайды. Осылайша, ұйымға қосылған жан аз уақыт ішінде ой-санасы өзгерген, мүлде басқа кейіптегі адамға айналады" – деді.
Шараға арнайы келген әрбір маман өз ісіне қатысты сөз сөйлеп, ата дініміз бен өзге ағымдардың айырмашылығын бүге-шегесіне дейін жеткізді.
Сөз соңында оқушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.
Меркі ауданыдық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі