Меркі ауданы АТТ мүшесі Дулат Талғатұлы діни экстремизмнің алдын алу мақсатында Меркі ауданы, Тәтті ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Дулат Талғатұлы сөз сөйлеп, теріс ағымның белгілері, ақида саласындағы қателіктері жайында дәріс жүргізді.
Қазіргі таңда халық арасында белең алып, кең таралып жатқан теріс ағым ұстанушыларының "Құранды тура мағынада түсіну" түсінігі тереңінен қаралып, талқыланды.
Кездесу соныңда тұрғындар ойларында жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бaспасөз қызметі