Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылында еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне орай, 60 отбасына қайрымдылық жасалды. Бұл игі іс-шараны мешіт имамы Каримов Рахматулла ұйымдастырған болатын.
Ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен іске асырылған шараға 720 мың теңге қаражат жұмсалды. Қайырымдылық көмек жағдайы төмен ауыл тұрғындарына үлестірілді.
Аталған қайырымыдылықты алған отбасылар ауыл имамына өз алғыстарын жаудырып жатты. Әрине, қайырымдылық жасау – бұл біздің қанымызда бар қасиет деп айтсақ, артық болмас деп ойлаймын. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі