#Жамбыл: Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне 30 адамға қайырымдылық жасалды

#Жамбыл: Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне 30 адамға қайырымдылық жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Түрксіб ауылы «Түрксіб» мешітінің  ұйымдастыруымен ауыл мектебіне 30 пара аяқ-киім берілді.

Алдағы уақытта балаларға арналған бұл аяқ–киімдер қайырымдылық ісіне жұмсалмақ. Нақтырақ айтқанда, жағдайы төмен, көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға үлестіріледі. Аталған игі іс-шара мешіт жамағатының демеушілігімен  іске асып отыр.

Шындығында, иісі мұсылман баласы үшін қайырымды іс жасау асқан ізеттіліктің белгісі. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді қазақ. Иә, жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: