Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 7 бағыт бойынша Жамбыл облысында жыл басынан бері қызу жұмыс жүргізіліп келеді.
Бір жыл ішінде атқарылған жұмыс нәтижесіне сай Ақпарат және қоғаммен байланыс бағыты бойынша asyldin.kz сайтына 1238 мақала, 2069 жаңалық, 839 онлайн дәріс, 99 видео жарияланып, әлеуметтік желілерде 64 122 оқырманға сапалы контент ұсынылды.
Уағыз-насихат бағыты бойынша 10 946 уағыз, 333 дәріс, 109 РАНТ өкілімен жүздесу, 207 ЖАНТ насихаты, 283 түрлі мекемелерде кездесулер жасалған.
Жастар ісі секторы жыл бойы 307 шара өткізіп, 500 ерікті жастарды өзіне мүше етсе, Әйел-қыздар секторы 1 221 іс-шара ұйымдастырып, қыз-келіншектердің 6570 сұрағына жауап берді. Бүгінгі таңда облыс мешіттерінде 1309 шәкірт бар.
Қайырымдылық бағыты бойынша 1198 шара жасалып, 63 687 отбасыға көмек көрсетілді.
Оқу-ағарту және кадрлық әлеует бойынша айтар болсақ, өңірде 447 дін қызметкері бар. Оның ішінде 17 бас имам, 106 имам, 60 наиб имам, 36 ұстаз, 33 азаншы, 188 молда. Мешіт жанынан ашылған діни сауат ашу курстарында 2100 шәкірт білім алуда.
Рухани білім - Ихсан ілімі бағыты бойынша 113 мақала, 313 жазба, 482 уағыз, 149 іс-шара атқарылды. Ал жыл ішінде мамандар 10 393 діни сұраққа жауап берді.
Жамбыл облысында 44 кәсіпорын "Халал Даму" сертификаты ие, ал олар 715 бақылаудан өтті. Халал ас шығаратын, дайындайтын орындарда 104 семинар, 4 аудит жүргізілген болатын. Облыста 3 сертификатталған қасапшы бар.
Дін мен дәстүр бағыты бойынша насихат, іс-шаралар жасалып, жаңа жоба қолға алынуда. Жат ағымдармен жүргізілген жұмыс нәтижесінде 32 адам тіріс ағымнан қайтып, 43 адам бейімделу үстінде. Жыл бойы 1677 кездесу, 585 жеке кездесу жасалды.
Айта кетейік, облыста 323 мешіт, 33 намазхана бар, сонымен қатар 18 мешіт жаңадан бой көтеруде.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі