"Кенен" ауылдық мешітінің имамы Саят Рахимовтың ұйымдастиыруымен "Берекелі жұма" қайырымдылық науқаны жалғасын тапты.
"Қайырымдылық - молшылық негізі" демекші, шариғатымыз жағдайы төмен адамдарға көмек қолын созу, яғни жақсылық үшін жарысуға үндейді.
Игі шараларды кезекпе-кезек өткізіп жүрген ауыл имамдырының ұйытқы болуымен 10 отбасыға жәрдем жасалып, 164 000 теңге қаражат жұмсалды. Мешіттен көмек алғандар алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі



05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

