Дарақ сумен, адам уағызбен нәрленеді. Иманы күшейіп, ізгілік жасауға күш алады. Айналасына жанашырлықпен қарап, өзі естіген дүниесін өзгелерге жеткізуге асығады.
Өткен жолғы жарияланымда Шу ауданы «Төле би» мешітінде бас имам Талғат Кәрібайұлы кесте жасақтап, жамағатқа өзге мешіт имамдарымен кездесу ұйымдастырып тұратынын жазған болатынбыз. Осыған орай Шу ауданы «Әбу Бәкір ас-Сыдық» мешітінің имамы Бақыт Нұрлыханов аудан орталығындағы мешітте жамағатпен жүздесіп, «Намаз - діннің тірегі» тақырыбында уағыз айтты.
Сонымен қатар бұл шара аудандық мешіттің әлеуметтік желідегі парақшасында да тікелей эфир арқылы таратылғанын тілге тиек еткен жөн.
Жиналғандар мол ақпаратқа қол жеткізіп, құптан намазына сап түзеді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі