#Қордай: Тәуелсіздік күні 5 баспананың кілті иесіне табысталды

#Қордай: Тәуелсіздік күні 5 баспананың кілті иесіне табысталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай Қордай ауданында 5 үйдің кілті табысталды. Айтулы шараға аудан басшылары мен ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы келіп қатысты. 5 бірдей отбасының қуанышына бүкіл Қордай ауданы ортақтасты. 

Қоныс тойын тойлағандардың қатарында көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен, жалғызбасты жанұялар да бар. Үйі жоқ адам өмір сүрмегендей болмақ. Өмірін кейінге қалдырып уақыт оздырады. Оның санасында күту белгісі қосылады. Осыдан үй алсам, көшсем, жөндесем, сосын барып… Үй – бүкіл өміріміз тамыр жаятын топырық. Адамның ересек, саналы өмірі өтетін орын. Сондықтан үйлі болу әрбір отбасының арманы. Міне, осы арманның орындалуына себепші болған "Асарлатып үй салу" жобасы болатын.

Шарада бас имам көпшілік алдына шығып, сөз сөйлеп, жобаға ат салысқандарға алғыс айтып, отбасыларды және бүкіл жамағатты тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: