#Шу: Қайырымды істен қуанышқа толы көрістер

#Шу: Қайырымды істен қуанышқа толы көрістер

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жыл басынан жасалып келе жатқан жақсылықтар толастар емес. Қайта қарқын алып, әрбір маңызды күндерге орай қанатын кеңге жаюда. Халқымызда мал сойып, садақа беру жолға қойылған. Ол бір асым етке жете алмай отырған отбасыларға үлкен көмек. Талғажау.

Жуырда Шу ауданы Далақайнар ауылдық мешітінің имамы Дүйсенғали Көдебайдың ұйымдастыруымен демеушілер көмегімен  1 бас қой сойылып, оның еті 5 отбасыға теңдей бөлініп, таратылды.

Сол секілді  Бірлікүстем ауылдық мешітінің имамы Жетпісбай Әлімбеков демеушілер берген көмекті яғни 2 кілем, 1 қап пияз, 10 мың теңгені бір отбасыға табыстады.

Ал, қаладағы «Кәрібай молда» мешітінің қызметкерлері 3 отбасыға азық-түлік қоржындарын мұқтаж отбасыларға жеткізіп, жылы лебіздеріне бөленді.

 

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: