#Қордай: Ауыл молдалары марапатталды

#Қордай: Ауыл молдалары марапатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сан ғасырлар армандап, бабалардың көз-жасымен жеткен ұлық мереке Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай Қордай ауданына қарасты ауыл молдалары марапатталды.

Егемен еліміздің жолында дінге қызмет етіп, тәуелсіздікпен бірге еркіндік алған дін білімін таратып, ел игілігі үшін еңбек жасап жүрген рухани тұлғаларға ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы алғыс хатты өз қолымен табыстады. 

Атеистік дәуірден аман шыққан халыққа мұсылманшылықты уағыздап, ата дінімізді жеткізіп жүрген имамдардың еңбегі мол.  

Марапат алғандардың қатарында құрмет грамотасымен "Қақпабатас" ауылдық мешітінің имамы Жармахамбет Тәнекеев , Сортөбе Мисбахул ислам" мешітінің имамы Хият Омар, алғыс хат алғандардан "Сарыбұлақ" ауылдық мешітінің молдасы Серік Рахимов, "Кенен" ауылдық мешітінің молдасы Саят Рахимбаев, Масаншы ауылы "Мұсылмандар" мешітінің имамы Хусей Харсанов, Қордай аудандық мешітінің наиб имамы Нұрбол Солтанбек бар.

Алла дін қызметкерлерінің жұмысына жеміс, отбасына береке берсін!

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: