Сауапты істен шет қалмау иманның белгілерінен. Әсіресе қиналғанға қол ұшын беру шариғат шеңберінде құпталған іс. Осыны мықтап жүрекке бекіткендердің берегендіктеріне куә болып жүрміз. Жасалған жақсылықтар жұртшылыққа үлгі болу үшін жария болып келеді.
Жуырда Шу ауданы «Төле би» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Атап айтқанда көп баланы бір өзі тәрбиелеп отырған анаға және үйі өртенген отбасыға мешіттің бас имамы Талғат Кәрібайұлының ұйытқы болуымен, мешіт жамағатының жиылуымен жәрдем берілді.
Екі мекенжайға Талғат Кәрібайұлымен, азаншы Ибрагим Мұстафаұлы қажетті деген азық-түлік себетін апарып, ахуалдарымен танысты. Алладан жеңілдік тіледі. Аталған жанұяларға көрсетілген көмек 70 мың теңгені құрады. Сонымен бірген әрқайсына 10 мың теңгеден ақша табыс етілді.
Қос отбасы өкілдері берілген көмекке ризашылық білдіріп, шараның басы-қасында жүргендерге ізгі тілектерін жеткізді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі