Қайырымдылық - иісі мұсылманның сипатынан. Сол сипаттың иелеріне сансыз сауаптар берілетінін асыл дініміз айшықтап айтқан. Қазіргі таңда қайырымдылық шараларының көптеп ұйымдастырылып жатқаны көзді қуантады. Әрі адамдар арасында мейірім мен махаббат бар екендігін айғақтайды.
Осыған орай Шу ауданы «Жәми» және "Төле би" мешітінде құны құйма алтыннан бағалы құндылығымызға баланатын Тәуелсіздік мерекесіне орай мейірім көрсетілген болатын.
Атап айтқанда аудандық «Жәми» мешіті 6 отбасыға азық-түлік және ет салынған себет таратып,сауапты іс жасалды. Сондай-ақ «Төле би» мешітінде 40 келі ет аз қамтылған 7 отбасыға табысталған болатын.
Көмек алғандар алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі