#Шу: Бас мерекеге арналған дастархан жайылды

#Шу: Бас мерекеге арналған дастархан жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тәубе деуден талмайтын тіл үшін Тәуелсіздік тәтті ұғым. Әлемдегі көп елдерге бұйырмаған нығмет. Сондықтан Алла Тағаланың қастерлі Қазақстанған осындай ұлы бақыт  бұйырғанына мың да бір шүкір айтуымыз керек. Әрі азаттығымыз ақиретке дейін болсын деп дұға еткеніміз жөн.

Ордалы отыз жылдық құрметіне орай Шу ауданында көптеген шаралар өткен болатын. Соның бірі өткен аптаның ортасында Шу ауданы «Төле би» мешітіндегі мерекеге орай жайылған айлық дастархан десе болады.

Аталған мешіттің бас имамы Талғат Сейткереевтің ұйымдастыруымен мешіттің тұрақты жамағаты бас қосып, жайылған дәмге жиылды. Шара барысында құран оқылып, бата берілді. Сондай-ақ Талғат Кәрібайұлы бауырмашылдық турасында уағыз айтып, жамағатқа бауырмал болудың маңызын түсіндірді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: