Қордай аудандық орталық мешіті қазақ халқының ең қымбат күні Тәуелсіздік мерекесіне орай Әжелер алқасын арнайы құттықтады.
Ақ жаулықты әжелерге шоқ-шоқ гүлдер мен, сыйлықтар табысталды. Шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Серікқызы, Облыстық Әжелер алқасының төрайымы Жәмиля Жұмабаева, Қордай аудандық мешітінің ұстазы Эльмира Есімқараева да қатысты.
Егемендігіміз баянды, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын деп жүрек жарды тілектер айтылып, нәзікжандылар бірін-бірін құттықтады. Әйелдер қауымы мерекелік көңіл-күй сыйлаған мешіт ұжымына алғыстарын жеткізді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі