Қазақстан халқы Ассамблеясы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай Жамбыл облысының имамдарына алғыс айтты.
Ассамблея төрағасының орынбасары М.Әзілхановтың алғыс хатын дін мамандарына ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы табыстады.
Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек, Т.Рысқұлов ауданының бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадыраев пен Губар Паншаровқа берілген алғыс хат мәтінінде:
"Қазақстан халқы Ассамблеясы Сізге қайырымдылықты, рухани бірлікті, достық пен этносаралық ынтымақтастықты нығайтудың гуманистік мұратына қосқан белсенді еңбегіңіз үшін шынайы алғысын білдіреді" - делінген.
Алла имамдардың қызметіне береке, бірлік берсін!
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мештінің баспасөз қызметі