Қазіргі заманымыз дінмен байланысқан жаман ойлар мен әрекеттерге толы. Оны қалай түсінуге болады. Неліктен терроризм мен экстремизм мыңдаған адамның ойларын бұзады? Міне, сол мақсатта түрлі ағымдардан сақтану және қорғау үшін А.Қосанұлы атындағы №18 мектебі акт залында Меркі ауданы дінтанушы, теолог мамандарымен Меркі ауданы АТТ мүшесі Дулат Талғатұлы кездесті.
Аталмыш шараның тақырыбы «Исламның дәстүрлі емес діни ағымдардың кері әсері» деп аталды. Жиналыс барысында Дулат Талғатұлы Ислам діні туралы толық мәлімет айтып берді, сонымен қоса дін туралы жаман ойлар болмау керек, өйткені әлемде болып жатқан зорлықтар мен соғыстар, солардың әсерінен қаншама жандар өліп жатқаны, таза әрі шынайы Ислам дінімен еш байланысы жоқ. Адамның сенімін бүлдіретін осы діннің ағымдары. Дулат Талғатұлы дін еліміздің даму бағдарламасына кіретінін айтып, біздің жеріміздің әр азаматы өз қалауынша дінін таңдай алады, әрине сол сенім Қазақстан Республикасының заңдылығына қайшылық етпейді.
Әлемдік дін – Ислам туралы болған кездесу қызықты өтті.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі