#Шу: «Жәми» мешітінде жыл қорытындыланды

#Шу: «Жәми» мешітінде жыл қорытындыланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жыл соңы атқарылған жұмыстарды саралап, алдыға жоспар қоятын мезгіл. Биылғы жыл  Шу ауданы үшін, оның ішін мешіт қызметкерлері үшін жемісті жыл болды.

Апта басында аудан мешітіне қарасты қалалық және ауылдық мешіттердің имам-молдалары  «Жәми» мешітінде бас қосып, жылды қорытындылады. Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амантайұлы мен Төле би мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлы, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Зарина Алғабекқызы қалалық  және ауылдық мешіттердегі атқарылған   жұмыстардың есебін тыңдады.

Әрбір мешітте айтарлықтай шаруалар тыңдырылып, ілкім істер жасалғаны белгілі болды. Сондай-ақ жиын соңында жеті бағытты жандандырып, алдағы уақытта жұмысты үдете  түсу  керектігі тапсырылды.

Жиын соңында  Зарина Алғабекқызы  сөз сөйлеп, аудандағы дін  ахуалды қысқаша баяндады. Ал, Бахтияр Амантайұлы болса жуырда шыққан «Ихсан» кітабінің орысша нұсқасы мен «Толық адам» кітабы таныстырылды.

Алдағы жылдың жақсылығын Алладан тілеп, бата беріліп жиын өз мәресіне жетті.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: