Қордай ауданына ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Серікқызы арнайы келді.
Қордай аудандық "Әжелер алқасымен" жүздесіп, сұқбат құрған ұстаз әжелердің қоғамға алып келетін пайдасы, орны, әйел адамның ортаға сіңіретін көмегі жайында сүбелі сөз сөйледі.
Тәуелсіздік мейрамының қарсаңында жасалған кездесуде Гүлжан Алдасаева әжелерді ұлық мерекемен құттықтап, тілегін жаудырды.
Шара соңында қоғамға барынша пайдалы болуға деген ниеттерін жеткізген әжелер бата берді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі