"Қайырымдылықтың ең абзалы – мұқтаж жандардың қажетін өтеу" - дейді шариғатымызда. Осындай игі шараларды өткізуді дәстүрге айналдырған Тараз қаласының 1-аймаққа қарасты мешіттерде бірқатар қайырымдылық жасалды.
"Кеңесхан қажы" мешітінде 1 отбасыға қаржылай көмек және мал сойылып, етін имамдар көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен 6 отбасыға таратып берді. Іс-шараға жалпы 100 мың теңге қаражат жұмсалды. Сондай-ақ, аймаққа кіретін "Мырхалық" және "Тохта бибі" мешіттерінде қаржылай көмек берілді.
Қазақ халқы қайырымдылықты қастерлі ұғым санап, әрдайым өзара жақсылыққа, адалдыққа үндеген бабаларымыз ізгі істі үлкенді-кішілі бөлмей, қоғамда өзара қайырымдылық пен ынтымақ ортасының орнауына ерекше назар аударған. Сондай-ақ, қайырымдылық жасаған адам ешқашан кедейленіп қалмайды «қолы ашықтың – жолы ашық», – деп атам қазақ бекер айтпаса керек.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі