Облыстық мешіт қызметкерлері 2021 жылды қорытындылады

Облыстық мешіт қызметкерлері 2021 жылды қорытындылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде имамдар мен мешіт қызметкерлерінің жиналысы жасалды. 

Облыс бас имамы Бейбіт Әліпбекұлының басшылығымен өткен бас қосуға Алла үйінің әртүрлі саласына жауапты мамандар қатысты. Облыс бас имамы өз сөзінде: "Бүгінгі дінімізді еркін насихаттап, құлшылығымызды жасап, дініміздің көркеюіне, білім алуымызға септік болған осы Тәуелсіздік. Егемендігіміз болмағанда бодандықта тілімізді, дінімізді жоғалқан болар едік. Алла шүкір, осындай бақытты мерекелік күнді елеп, атап өтпесе болмас!" - деп жалынды сөз сөйледі. 

Сонымен қатар облыстың рухани көшбасшысы жыл бойы атқарған жұмыстарды тілге тиек етіп, қорытындысын айтып, облысымыздың діни ахуалына шүкірлік етті. Дініміз үшін жанашыр болып жүрген барлық мамандарға алғыс білдіріп, Тәуелсіздік мерекесінің құрметіне сыйлықақы табыстады. 

Көпшілік ұжым "ауызбіршілігіміз мығым болсын" десіп, жасы үлкен имам бата берді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: