#ТАРАЗ: Әйел-қыздар сауат ашу курсы шәкірттерінің білімі тексерілді

#ТАРАЗ: Әйел-қыздар сауат ашу курсы шәкірттерінің білімі тексерілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ әйелдер-қыздар секторы Тараз қаласы «Кеңесхан қажы» мешітінде бірінші сатыны бітірген сауат ашу тобына емтихан өтті. Шәкірттердің білімін «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы Жібек Болатбекқызы сыннан өткізді.

Бірінші сатыда шәкірттер Құран әліппесін, дұғаларды бітіреді. Яғни Құран Кәрімге түсудің алдын тексеруден өтіп, іріктеледі. Емтиханды "жақсы" және "өте жақсы"  бағаларына тапсырғандар келесі сатыға өтіп, тапсыра алмағандар қайтадан қайталаудан өтеді.

Ілім ізденуші курс шәкірттері Құран әлеппесімен қатар Фиқх пәнінен "намаз"  тақырыбына дейінгі тараулардан емтихан тапсырды.

Емтихан соңы шәкірттерге лайықты бағалар қойылып, дәріс алуды ықыласты түрде жалғастырулары насихатталды.

Жібек Болатбекқызы

«Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: