Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбенұлы аудандық мешіт жамағатына жылдық есеп берді.
Бас имамның есебің мұқият тыңдап болған аудан жұртшылығы аудан имамына алғысын жаудырды. Ауданның бас имамы осы бір жыл ішінде аудандық мешіттің найб имамын атқарған ерен еңбегі үшін алғыс хатпен және сыйлық табыс етті.
Келесі кезекте аудан имамының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне орай Қазақстан тарихынан» сұрақтар қойылды. Сұрақтар қатарында қазақ даласында болған небір тарихи оқиғалар мен Қазақ хандығының қалай құрылғандығы жөнінде болды. Мешіт жамағаты қойылған сұрақтарға қиналмастан жауап берді. Сонымен қатар дұрыс жауап берген мешіт жамағаттарына арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі