Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің ұйымдастыруымен аудандық спорт кешеніңде жастар арасында «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне орай жастар арасында футболдан турнир» өтті. Турнирге барлығы 17 команда қатысты.
Аудандық мешіт жамағаты осы 17 команданың арасынан 4 орынды иеленді. Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл.
Бұл тәуелсіздік қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан бұрынғы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, аналарымыздың көз жасы.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі