#ТАРАЗ: Әйел-қыздар секторы тәуелсіздік күніне орай қайырымдылық жасады

#ТАРАЗ: Әйел-қыздар секторы тәуелсіздік күніне орай қайырымдылық жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ Әйелдер қыздар секторының ұйымдастыруымен Тараз қаласы «Кеңесхан қажы» мешітінде Тәуелсіздік күніне орай қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Жиын желтоқсан құрбандарына Құран хатым дұғасын бағыштаумен басталды. Әйелдер қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Серікқызы өнегелі уағыз-насихат  айтты. Тәуелсіздік алғалы еліміздегі тыныштыққа шүкір айтуымыз керектігін жеткізді.

Аталмыш іс-шараға Әжелер алқасы да қатысты. Шәкірттер арасында жетім балаларға қамқор болып жүрген ханымға қайырымдылық жасалды. Сауат ашу тобындағы шәкірттер мен "әжелер алқасы"  қаржылай қор жинап, батасын беріп табыстады.

Қалалық ұстаз Жібек Болатбекқызы сахабалар өмірінен үзінді айтып, қазіргі уақытты дінімізге барлық жағдайдың жасалғандығы жайлы ескере кетті.

Жібек Болатбекқызы

Тараз қаласы «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: