#Меркі ауданы: Дін және жастар

#Меркі ауданы: Дін және жастар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тәуелсіз еліміздің кішкене ғана ғұмырында дін саласы көп өзгерістерге еніп келеді. Жастардың діни сауаттылы-ғы – қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Жастардың рухани санасын оятуда діннің алар орны ерекше.

Ұлттың бүгіні мен келешегі – білімді жастың қолында. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Адам діни сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға, қоршаған ортаға деген көзқарасы қалыптасып, кемелдену құбылысы жүзеге асады.

Жастардың рухани және діни сауатты болуы – кезек күттірмес мәселелердің бірі. Көп нәрсе білімсіздіктен туатыны даусыз. Қазіргі қоғам жастардың діни сауаттылығының төмен дәрежеде сипатталуымен қатар, діннің атын жамылған саяси миссионерлік секталар мен топтар діни сауаты аз азаматтарымызды өз қармақтарына түсіріп, тіпті өздеріне белсенді жақтасқа айналдырып, өзімізге қарсы қойып үлгерді.

Осының алдын-алу мақсатында Меркі ауданы АТТ мүшесі Дулат Талғатұлы №39 ЖББМ-нің оқушыларымен кездесіп, "Дін және жастар" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, дін мәселесін жергілікті имам-молдалардан үйрену керек екенін атап өтті.

Жиын соңында оқушылар көңілдерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: