#Шу: «Дін және отбасы» тақырыбы талқыланды

#Шу: «Дін және отбасы» тақырыбы талқыланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Асыл  дінімізде отбасы мәселесіне ерекше мән берілген.  Ата-ананың құрметтеу, бала тәрбиесі, жар таңдау секілді маңызды дүниелерге діни тұрғыда қажетті қағидалар айтылған. Оны біз Пайғамбарымыздың (оған Алланы салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінен білеміз.

Жуырда Шу ауданы "Төле би" ауылындағы Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясында Төле би мешітінің бас имамы Талғат Сейткереев қатысқан жиында осы тақырып талқыланды. Аудандық жастар ресурстық орталығының  Төле би ауылы  бойынша жастар ісі жөніндегі инспекторларының ұйымдастыруымен өткен жиынға осы мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысып, имамға толғандырған сұрақтарын қойды.

Талғат Кәрібайұлы діндегі отбасы құндылығы туралы насихат айтып, жастарды ата-ананы сыйлап, үлкендерге құрмет көрсетуге шақырды. Сондай-ақ отбасыда берілген тәрбиені бойына сіндіріп, қоғамда соны көрсету керектігі түсіндірілді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: