#Шу: Қайырымдылық шаралары өтті

#Шу: Қайырымдылық шаралары өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Барыңмен бөлісіп, айналаға жылу сыйлау Алла Елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қалған сүннет, ата-бабаларымыздан  қалған салт. Соңғы уақытта елімізде барлық мешіттер осыны жаңғыртып, қайырымдылық шаралары қанатын жаюда.

Соның дәлеліндей  жуырда Шу аудандық «Жәми» мешітінде бір отбасыға,  «Кәрібай молда» мешітінде екі отбасыға азық-түлік түрінде көмек көрсетілді. Одан бөлек Бірлікүстем ауылдық мешітінің имамы Жетпісбай Әлімбеков 25 мың теңгеге алынған азық-түлік қоржынын бір отбасыға табыстап, ризашылығын алды.

Мұндай шаралар жыл басынан бері жалғасын табуда. Алдағы уақытта да аталған бағыттағы жұмыс жалғасын таба бермек. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) аз-аздан болса да үздіксіз орындалған амал Аллаға сүйіктірек деген бір хадисінде. Жасалған жақсылықтар Жаратушыдан сауаптар болып қайтсын.

 Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: