Түбіміз түркі, түлігіміз жылқы болған қазақтың қасиет тұтқан асыл дінін алыс кете алмайтыны анық. Ислам-еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін қажет болмақ. Оның ішінде барлық игілік қамтылып, болашаққа жол көрсетілген. Сондықтан ислам негіздерін жастардың саф санасына сіндіру керек. Ол келешекте жат ағымдар жетегіне еріп кетуден сақтауға үлкен себеп болмақ.
Осыған орай Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Төле би ауылдық балалар кітапханасында "Төле би" мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлы М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушыларымен кездесті.
Кездесу барысында «Дін және қоғам» тақырыбы қозғалып, асыл дініміздің айшықты тұстары түсіндірілді. Жиналғандар кеш қонағына сұрақтарын қойып рухани тұрғыда толысуға мүмкіндік алды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі