#Шу: Айлық дастархан жайылды

#Шу: Айлық дастархан жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақ халқы дәм үстінде жарасып,  дастархан басында дидарласқанды дәстүр еткен.  Сірә, бұл  ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетінен туған сара жол.  Себебі Ол қонақжай, жомарт болған және үмбетін осындай болуға  үндеген.

Жуырда Шу ауданы "Төле би" мешітінде бас имам Талғат Кәрібайұлының ұйымдастыруымен айлық дастархан жайылып, жамағаттың басы қосылды. 

Дастархан басында бас имам  бірлік турасында насихат жасап, жамағатқа ауыз біршіліктің асыл қасиет екендігі туралы аяттар мен хадистер келтірді. Жиылғандар дәм алып, уағыздан рухани нәр алып, үйлеріне тарқады.

         Шу аудандық «Жәми»  мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: