#Шу: Жалғызбасты анаға көмек берілді

#Шу: Жалғызбасты анаға көмек берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әр мезгілдің әуресі бар. Соның ішіндегі салмақтысы қыстың қиындығы. Алуан тағдыр иелері арасында көптің көмегіне зәру кісілер бар. Олар қылышын сүйретіп келген қысқа дайын болмай шығады. Себебі отын алуға мүмкіндік жоқ. Алдыңғы жарияланымда көмірмен көлемді көмек көрсетілгенін жазған болатынбыз.

Жуырда Шу ауданы Көктөбе ауылы «Рақыш ата» мешітінің имамы Ерғазы Ақпановтың  ұйытқы болуымен  ауылдағы жалғызілікті жанға құны 50 мың  теңгені құрайтын  3 тонна көмір түсіріп беріп, қыстан шығуға қол ұшы берілді.

Сол сияқты Төле би мешітінің азаншысы Ибрагим Жалалиев ауыл тұрғынына 10 мың теңгелік қаржылай көмекті табыстады. 

Көп түкірсе көл деген. Мұндай сипаттағы мейірімділік жұмыстары Алла қаласа жалғаса бермек.

Шу  аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: