#Шу: Аудан мешітінде арулар бас қосты

#Шу: Аудан мешітінде арулар бас қосты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Күнделікті көзге көрінбегенімен аналарымыз бен аруларымыздың атқаратын жұмыстары ауқымды. Қырық жанды саналатын қыз-келіншектер  рухани байып, әңгіме дүкен   құрып демалуы жаңа күш беріп, күйбен тіршілікке қайта кірісуге қуат берері сөзсіз. Ал, нәзік жандылар үшін ғайбат айтып отыратын емес, ғибрат алатын білікті ұстаздың қасында отыру қажет дүние.

         Өткен аптаның соңында Шу аудандық «Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторы дастархан басына жиылып,  Ихсан ілім турасында айтылған уағыздың уызынан дәм татты.  Өзара шүйіркелесіп, аталған ілімнің маңызын түсіне түскен қыз-келіншектер   жиірек бас қосуды ұйымдастырып тұру керек  деген тоқтамға келді.

         Әйел - ұлттың ұйыстырушысы. Жанұяның жылуы. Ұрпаққа ұлағатты тәрбие берушілердің осындай жиынға қатысып, білім алуы болашақтағы бет-бейнеміздің жарқын болуына себеп жасайтынын жақсы білуіміз керек. Алла тағала нәзік жандыларымызға сарқылмас иман,  таусылмас төзі, күш пен қуат берсін.

         Шу аудандық «Жәми»  мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: