ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі "Һибатулла Тарази" мешітінің 1-ші наиб имамы, РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы Қордай аудандық мешітінде жұма уағызын жүргізді.
"Мейірімділік" тақырыбындағы насихатын мейіріммен жамағатқа жеткізген имам: "Дініміз бойынша барша жаратылғанға мейірімділік пен рақымдылық жасау, олардың мұқтаждықтарына ортақтасу әрбіріміздің басты міндетіміз. Сондықтан, шынайылықпен қызмет көрсету мейірімділік пен рақымдылық есігі. Алла тағала құлының өзге құлына қалай қарым-қатынас жасағанына назар аударады. Ол қалай қарым-қатынас жасаған болса, Алла тағала оған солай қарым-қатынас жасайды" - деп қоғамдағы, отбасындағы және жалпы мейірімділік жайлы айтып өтті.
Уағызды ұйып тыңдаған жамағат көкейкесті сауалдарын қойып, дәйекті жауаптар ала алды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі


12 Қаңтар 2026
23 Раджаб 1447

