#Қордай жамағаты Ризабек Батталұлының насихатын тыңдады

#Қордай жамағаты Ризабек Батталұлының насихатын тыңдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының жамағаты РАНТ мүшесі, "Нұр Мүбәрак" университетінің докторы Ризабек Батталұлымен жүздесті. 

Елімізге танымал, білікті маман Жамбыл ауылы "Әл-Хафиз" мешітінде уағыз жүргізді. "Хужрат" сүресінің мәнін түсіндіріп, көпшілікке терең мағұлмат, діни білім берген ардақты ұстаз жамағаттың сұрақтарына жауап берді. 

Сүреде «Жаман лақап аттармен бір-біріңнің намыстарыңа тимеңдер», «Бір-біріңді аңдымаңдар», «Бір-біріңді ғайбаттамаңдар», «Өз-өздеріңді кемсітпеңдер»,«Дәлелсіз ойлардың көбінен аулақ болыңдар, өйткені жалаң ойлардың кейбірі – күнә» деген аяттар бар. РАНТ мүшесі осындай әрбір аятқа кеңінен тоқталып, хадистермен қуаттады.

Мұндай кездесуді ұйымдастырған имамдарға Қордайлықтар алғысын айтып, рухани күш алып қайтқандарын жеткізді.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: