#Қордай: Жұмаға келген жамағатқа тегін нан таратылды

#Қордай: Жұмаға келген жамағатқа тегін нан таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Ас атасы - нан" дейді дана халық. Нан – адамзаттың басты құндылығы, ол молшылықтың және әл-ауқаттың белгісі. Оны ешқандай тағам алмастыра алмайды, «дастарқаныңда наны жоқтың, тамағында сәні жоқ» деп бекер айтылмаған.

Соғыс жылдарында көптеген адамдар, тіпті бір тілім нанға қол жеткізе алмай, аштықтан көз жұмған. Сондықтан, егде жастағы кісілер бұл тағамның қадірін біліп, оның жерде жатқаның көрсе, «обал болады» деп көтеріп қояды. Осы бір ең қастерлі тағам күндердің сұлтаны жұма күні Қордай аудандық мешітінде намазға келген жаматқа тегін таратылды.

Жаңа піскен, ыстық нанды мешіттен соң қолына алып, отбасыңа бару неткен әдемі көрініс. Көпшілік мешіт ұйымдастырған шараға алғыстарын айтып, нан ала қайтты.

Біздің қазақ бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, тастамауды үйретеді емес пе?

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: