ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі, орталық "Һибатулла Тарази" мешітінің 1-ші наиб имамы Нұралы Бақытұлы Қордай ауданына арнайы іс-сапармен барған болатын.
Сапары барысында Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлымен бірге өңірге қарасты Масаншы ауылына аттанып, 12 мешітті түгел аралап шықты. Аралауды "Өтеген" ауылдық мешіттінен бастап, Алла үйлерінің қысқа дайындығын тексерді.
Ыстық су, суық судың жұмыс жасауы, мешіттің жылыту жүйесі, тазалығы барлығы қаралды. Мешіт имамдарымен тілдесіп, жамағаттың хал-ахуалын, ауылдың діни жағдайын байқады.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі