Облыстың 1-ші наиб имамы әрі Қордай ауданының кураторы Нұралы Бақытұлы Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлымен Масаншы ауылына қарасты 12 мешіттің имамдарымен кездесті.
Дін мамандарының атқарып жатқан жұмыстарының нәтижелі болуын қадағалаған мамандар ҚМДБ және облыстық өкілдік тарапынан бірқатар тапсырмалар жүктеп, қырағылықта болуларын тапсырды.
Нұралы Бақытұлы: "Имам - исламның айнасы іспетті. Сондықтан да ол үлкен жауапкершілікті сезіне білетін тұлға. Имам – үлкен ұстаз, халық оның әрбір сөйлеген сөзінен, жүріс-тұрысынан тәрбие алады. Олардан қазақ халқының талай біртуар жандары тәрбие алған. Ту көтерген батырлар, ақиқатты жырлаған ақындар, ел басқарған көсемдер де имамдардың шәкірттері" - деп қызметке деген махаббатты оятатын қолдау сөзін айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі