Шұжық өнімдері тексеруден өтуде

Шұжық өнімдері тексеруден өтуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам дінінде мұсылмандарға қажет өмірдің барлық саласы түгел қамтылған. Алла және оның елшісі рұқсат еткен дүниені «халал» дейміз. Әлбетте халал сөзінің мағынасы ауқымды, оның бір саласы ас-ауқат, күнделікті ішіп-жейтін тағамға қатысты.

ҚМДБ "Халал Даму" ұйымы қоғамдағы өндіріліп, тұтынылып жатқан астың шариғатқа сай болуын қадағалап келеді. Осы тұста Жамбыл облысындағы шұжық өнімдерін шығарушы кәсіпорындар кезекті тексеруден өтіп жатыр.

ҚМДБ "Халал Даму" ұйымының Жамбыл облысы бойынша өкілі Нұрматжан Миразизов "Қаракесеков" ЖК мен  "Марьям" ЖК шұжық өнімдерін шығарушы цехтарда болып қайтты. Өндіріс орнына толықтай тексеру жүргізіп, қызметкерлеріне "халал ас" жайында семинар-тренинг өткізуде. 

Мерзімдік тексеруден сәтті өткен аракесеков" ЖК "Халал" сертификатын жаңартты.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: