#Шу: Үйін өрт шалған азаматшаға көмек берілді

#Шу: Үйін өрт шалған азаматшаға көмек берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла тағала пендесін әр түрлі сынақпен сынайды. Бір адамға қиындық келсе ол сөзсіз сынақ, алайда оның  көріп көмектесуге мүмкінідігі бар адамға сынақ екенін естен шығармауымыз керек.  Сабыр етіп, қол ұшын созғанға мол сауаптар берілетіндігі туралы шариғатымызда көп  мәрте айтылған.

Жуырда Шу қаласында тілсіз жаудан үйі өртеніп, абырой болғанда өздері аман қалған отбасы жағдайларын айтып, жәрдем сұраған болатын.  Осыған орай осы қаланың шетіндегі «Әбу Бәкір ас-Сыдық» мешітінің жамағаты жұдырықтай жұмылып, қаржы жинап оның мешіттің имамы Бақыт Базарбайұлына тапсырған-тұғын. Бақыт имам үйін өрт шалған азаматшаға  киім-кешек, бір кілем және 20 мың теңге табыстап, Алла тағаланың жәрдемі болсын деп  дұға  жасады.  Қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да көрсетілген көмекке разы болған қала тұрғыны алғысын білдіріп, аналық батасын берді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: