#Қордай: Сортөбе ауылының имамы оқушылармен кездесті

#Қордай: Сортөбе ауылының имамы оқушылармен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы Сортөбе ауылдық "Хамед бен Бадый" мешітінің имамы  Гувар Паншаров мектеп оқушыларымен кездесті.

Имам оқушыларға жат ағым деген не, оның қоғамға зияны, ұстанушылардың белгілері, өзге жолға түсіп кетуден қорғану жолдарын айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Діни сауаттылықтың маңызын жастар тілімен жеткізе білген имам, көпшіліктің сұрақтарына жауап беріп, мысалдармен қуаттап өтті.

"Қазіргі жас санаға дұрыс білім құйса, өсе келе бұрыс бағытқа түсіп кетуден қорғайтын иммунитет болары анық" - дейді имам.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: