#Шу: Бас имам жастарға сұхбат берді

#Шу: Бас имам жастарға сұхбат берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгінгі жас ертеңгі ел ағасы және ұлттың анасы болмақ. Сондықтан оларға ұдайы көңіл бөліп, ақиқатты қайталап айтып отыру керек. Өйткені ақиқат айтыла бермесе ұмытылады. Жастарға жөн сілтемесе жолынан адасатыны анық. Бүгінгі таңдаға күйіп тұрған мәселенің бірі жастардың мінез-құлқы, олардың тәрбиесі екені екі бастан белгілі. Сол үшін жастарға жастын тілімен түсіндіру қажет.

Осыны ескерген Шу ауданы әкімдігі ішкі саясат  бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ мекемесі өз алаңдарына мешіт имамдарын шақырып, тікелей эфирде тілдесуді ұйымдастырып келеді. Сондай шақыруды қабыл алған Шу ауданының  бас имамы Бахтияр Әміреев аталған орталықтың әлеуметтік желідегі парақшасында осы мекеменің қызметкері, жастар  арасында танымал Мақсат Шәймерденнің сұрақтарына жауап беріп, жастар тәрбиесіндегі оң бағыттар  мен теріс қылықтар туралы түсіндіріп, тұшымды сөзін арнады.

         Эфир барысында жігіттердің қыздарға еліктеуі, шаштарын бояу, жынысын ауыстыру т.б жат әдеттердің жиіркенішті тұстары айтылып, олардың асыл дініміздегі үкімі де мәлім  етілді. 

         Шу аудандық «Жәми»  мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: