"Кеңесхан қажы" мешітінде Тараз қаласының 1-ші аймақтары мешіттерінің жиналысы өтті. Бас қосуға аталған мешітпен қоса "Хамрақұл", "Мырқалық", "Нәметбай", "Тоқта бибі", "Миразиз ата", "Әбдіқадір" мешіттерінің имамдары қатысты.
Аймаққа жауапты имам Қанат Жұмағұл имамдарға бір қатар бағыт-бағдар берді. Мешіттердің жылдық есепке дайындығы пысықталып, мешіт ішіндегі жұмыстар талқыланды.
Жыл бойы жасалған жұмыстар легі тілге тиек болып, қорытынды жасалды. Келер жылға жоспар түзіліп, пікірлер ортаға тасталды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі